05
февраль
2021
" МЕЙІРІМДІЛІК -ЖҮРЕКТЕН" атты акция ұйымдастырылды
Мейірімділік жүректен.
Қазір қоғамымызда дінге, тілге ,мəдениет пен өркениетке қатысты көптеген түсініспеушілік түйткілдері көп. Сондықтан болар, жастарымыздың жат ағымдардың жетегінде кетуі, өздерін -өздері өлімге қиюуы, салт- дəстүрімізге сызат түсуі, еліктеушіліктің басымдылығына жол беруі,қол созым жердегі жақындарына немқұрайлы қарауы, менталды түрде тұла бойына тəн құндылықтардан айырылуы сыйақты келеңсіздіктер кездесіп жатады. Бұл бізге мейірімділіктің жетіспейтіндігінен жəне иманның аздығынан .
Municipal public білім басқармасына қарасты Төлеген Тəжібаев атындағы 47 мектеп-гимназияда "ҚЫЛМЫССЫЗ БАҚЫТТЫ БОЛАШАҚ" тақырыбында өткізіліп жатқан айлықтың аясында 01-06 ақпан аралығында" МЕЙІРІМДІЛІК -ЖҮРЕКТЕН" атты акция ұйымдастырылды.
Акцияның аясында 8-11жоғары
сыныптарда
" Мейірімділік-асыл қасиет" тақырыбында коучингтерді ( 9 бен 11 сыныптар); тəрбие сағаттарды (8 бен 10 сыныптар) өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Балалардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, оқушылар бір-бірімен жəне қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа , шыншылдыққа , мейірімділікке тəрбиелеу.
Өткізген КОУЧИНГ барысында
1) "Мейірімді адамның сипаттамасы"
2) "Сыпайлық. Даналық. Ақылдық. Ішкі жəне сыртқы мəдениеті"
3) "Өмір, сен неткен ғажапсын!..."
4) "Жүректен-жүрекке" (жақсы сөздер мен жылы лебіздерінің маңыздылығы) тақырыптар бойынша оқушылар презентация қорғады.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=899609387538920&id=100024696002814