" Мен өмірді жырлау үшін келгенмін..." тақырыбында тəрбие сағат » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Municipal public
public institution
"school-gymnasium №47 named after Tazhibaev"
Education Department of Shymkent
Reception room :
+7(72) 21-43-65
bookkeeping:
+7(72) 21-43-65
Version for
visually impaired
» » " Мен өмірді жырлау үшін келгенмін..." тақырыбында тəрбие сағат
12
февраль
2021

" Мен өмірді жырлау үшін келгенмін..." тақырыбында тəрбие сағат

ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯНЫҢ СИМВОЛЫ -МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА-90 ЖЫЛ
        Қазақтың лирик ақыны, шынайы поэзия өкілі, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мəртебесі биік ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Municipal public білім басқармасына қарасты Төлеген Тəжібаев атындағы 47 мектеп-гимназия əкімшілігінің ұйымдастыруымен жоғары сыныптарда
 " Қазақ поэзияның символы "," Мен өмірді жырлау үшін келгенмін..." тақырыбында тəрбие сағаттар ұйымдастырылып өткізілді.
      Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмірбаяны мен шығармашылығымен, қызықты деректермен таныс болып ақынның өлеңдерін жатқа мəнерлеп оқып берді. 
       Мұқағали Мақатаев бүгінде бар қазаққа мәшхүр болған есім. Мұқағали есімі қазақ поэзиясын символы іспеттес. Оның аты жүрегіңде шексіз даланың, адам аспайтын ұлы Хан Тәңірі мен Алатау тауын, ұшар басында жазғы күннің салқын лебі жасынып жататын жуан ағаштар мен табиғаттың шексіздігін, қазақ жерінің сұлулығын суреттейді.
        Мұқағали ұлы қазақ жерінің және қазақ халқының сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзенті.
       Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық,соғыс тауқыметі,  махаббат пен достық, поэзия жəне табиғат т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив