«Оқуға құштар мектеп» жобасы » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Municipal public
public institution
"school-gymnasium №47 named after Tazhibaev"
Education Department of Shymkent
Reception room :
+7(72) 21-43-65
bookkeeping:
+7(72) 21-43-65
Version for
visually impaired
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы
26
November
2021

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай мектеп оқушыларының кітап оқу белсенділігін, оқу мәртебесін, оқу сапасын арттыру, рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, кітап оқу дәстүрін жаңғырту,  еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Таңғы шуақ», «Мәуелі бақ», «Ана Жер Ана», «Қазығұрт» атты өлең жыр кітаптарының авторы, «Алтын қалам» балалар шығармасының жүлдегері, балалар жазушысы Дәркен Өміртайұлы Танабаев және ақын, облыстық «Шам» жас ақындар орталығының төреағасы, «Тәубе», «Мария», «Иликай» атты кітаптарының авторы Сүндет Мұратбекұлы Сейітовпен «Ақын-елдің ардағы» атты ақын-жазушылармен кездесу кеші өткізілді.  Кеште  оқушыларға ақын- жазушылардың өмірбаяны мен шығармашылығы жайында таныстырылып, слайд көрсетіліп, 6-8 сынып оқушылары ақындардың өлеңдерін жатқа айтып, өз өнерлерін ортаға салды. 8-9 сынып оқушылары  ақындарға  сұрақтар қойып, сыр-сұқбат жүргізді. Мектеп әкімшілігі ақындарға ризашылығын айтып, алғысын білдірді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив