22
April
2022
*БУЛЛИНГ пен КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ ЗАРДАПТАРЫ
*БУЛЛИНГ пен КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ ЗАРДАПТАРЫ
Буллинг деген не және оның қандай түрлері бар?
Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.
Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін.
Буллинг деп көп жағдайда бір адамның бір адамды қорқытып-үркіткенін, қудалауын атайды. Ал құрбанға топ болып әлімжеттік жасауды *моббинг* дейді.
Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг.
Municipal public Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназияда жоғары сыныптарда "БУЛЛИНГ және КИБЕРБУЛЛИГ-тің зардаптары* тақырыбында акция ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты:
_ұстаздардың, ата-аналардың және оқушылардың назарын осы мәселеге аудару;
-Оқушыларды мейірімділікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында буллингтің төменгі түрлеріне тоқталып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
-Сөзбен қорқыту.
-Күшпен қорқыту.
-Реляцион түрі.
-Кибернетикалық буллинг.
Акция барысында ұстаздарға,оқушылар мен олардың ата-аналарына арнайы бейнероликтер ұсынылды.