*СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК* » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Municipal public
public institution
"school-gymnasium №47 named after Tazhibaev"
Education Department of Shymkent
Reception room :
+7(72) 21-43-65
bookkeeping:
+7(72) 21-43-65
Version for
visually impaired
» » *СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК*
12
May
2022

*СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК*

*СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК*
      Қазір жаз маусымы. Балалардың жазғы демалысы, ересектердің еңбек демалысы, серуендеу және әрине, шомылу уақыты. Яғни теңізде, бассейнде, су айдынында шомылу. Бірақ, қай жерде шомылсаңыз да, ешқашан судағы қауіпсіздік ережелері туралы ұмытпау керек.
      Су, әрине, біздің досымыз. Иә, біз өзіміз 90% судан тұрамыз. Бірақ кейбір жағдайларда су қауіпті болуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін ересектер мен балалар жазғы кезеңде шомылу маусымында белгілі бір тәртіп ережелерін сақтауы қажет. Бүгін соларды еске түсіреміз.
*Бұзуға болMayтын бірнеше маңызды ережелер:*
      ‼️Бірінші кезекте балалар тек ересектердің бақылауымен шомыла алады деп айтқым келеді! Бұл - негізгі ереже.
     ‼️Шомылуға арналмаған жерлерде шомылуға БОЛМАЙДЫ. 
      ‼️Тамақ ішкеннен кейін бірден суға түсуге БОЛМАЙДЫ. Бір – бір жарым сағат өтуі керек.
      ‼️Арнайы қоршаудан өтіп жүзбеңіз, егер арнайы қоршаулар жоқ болса, онда жағалаудан алыс жүзуге БОЛМАЙДЫ.
       ‼️Зерттелмеген түбі бар бейтаныс жерлерде суға секіруге БОЛМАЙДЫ.             
       ‼️Дауыл кезінде теңізге баруға БОЛМАЙДЫ.
       ‼️Жүзіп білмейтін балаларды суға арнайы құралдарсыз (шеңберлер, жеңдер, матрастар) жіберуге БОЛМАЙДЫ.     
      ‼️Шеңберлер мен матрастарда жағалаудан алыс жүзуге БОЛМАЙДЫ.
        ‼️Суда тым ұзақ уақыт болуға БОЛМАЙДЫ, бір рет 10-15 минут жеткілікті. 
          ‼️Қатты ағысты жерлерде жүзуге БОЛМАЙДЫ. 
           ‼️Тым суық суға шомылуға БОЛМАЙДЫ (16 градустан төмен болмау керек).
       ‼️ Қайықтардың, катерлердің және кемелердің жанында жүзуге тыйым салынады.
      ‼️Ыстық күні суға түсу қауіпті, бұл жүректің тоқтауына және сананың жоғалуына әкелуі мүмкін. 
        ‼️Бірде-бір жағдайда қарсылас су астында ұстап тұрған кезде ойын ойнауға болMayды, бұл өте қауіпті. Шын мәнінде бәрі дұрыс бола тұра жалған дабыл көтеріп, суға батып бара жатқандай көрініс жасаудың қажеті жоқ. Себебі нақты қауіп туындаған кезде сізге сенбей қалуы мүмкін.
     Әрбір адамның өмірі үшін маңызды болып табылатын және әрқашан есімізде ұстауға тиісті осы қауісіздік ережелерін бұлжытпай қатан сақтау қажет.
        Municipal public Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназия әкімшілігі "ҚР-сы Төтенше жағдайлар министрлігінің " 2022 жылғы 31 наурыздағы шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралар туралы" , Municipal public төтенше жағдайлар департаментінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі , Municipal public  білім басқармасының 28 сәуірдегі және "Әдістемелік орталығының" 04 мамырдағы (817 ) арнайы хаттарының негізінде "СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК" тақырыбында акция ұйымдастырып өткізді. 
     Акция барысында төменгі шаралар өткізілді:
1) "Судағы қауіпсіздік. Қауіпсіздік іс'шаралар өткізу туралы" мектепішілік бұйрық шығарылды.
2) 10 мамыр күні барлық сыныптарда (1-11) "Судағы қауіпсіздік" тақырыбында тәрбие сағаттар өткізілді.
3) 1-7 сыныптарда "Судағы қауіпсіздік" бойынша диктанттар жаздырылды.
4) "Судағы қауіпсіздік" бойынша оқушыларға мен ата-аналар арнайы слайдтар мен бейнероликтер ұс ынылды.
#Cудағы қауіпсіздік
[video=]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив