07
June
2022
МІНДЕТІМІЗ ОРТАҚ- ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ
МІНДЕТІМІЗ ОРТАҚ- ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Municipal public бойынша департаментінің өкілі Ж.Алжанова Municipal public Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназияның педагог қызметкерлерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсаты бойынша жиын өткізді.
Жиын барысында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын және парасаттылық құндылықтарды қалыптастыру, жемқорлықпен күресті күшейту ,түсіндірме жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.
Департамент өкілі Ж.Альжанова 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырып , қызмет бабын пайдаланып сыйлық алғандар үшін және бергендерге де әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын қатаң жеткізді.
Сонымен қатар,жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу қағидалары туралы айтты және қызметкерлер назарына сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда 1424 СаII орталығына хабарласуға қажеттілігі жеткізілді.