Директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары. Бакирова Салима Машираповна » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Municipal public
public institution
"school-gymnasium №47 named after Tazhibaev"
Education Department of Shymkent
Reception room :
+7(72) 21-43-65
bookkeeping:
+7(72) 21-43-65
Version for
visually impaired
» » » Директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары. Бакирова Салима Машираповна
16
October
2019

Директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары. Бакирова Салима Машираповна

Бакирова Салима Машираповна – білім беру саласында 2000 жылдан бері жемісті қызмет етіп келе жатқан білікті де , білімпаз іскер тұлға . 

            Алғашқы еңбек жолын Municipal publicндағы №47 мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2003-2004 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Тәрбие жұмысын жандандырып, білікті маман, шебер ұйымдастырушы екенін көрсетті. Үлкен қабілет пен шыдамдылықты қажет ететін қиын да қызықты тәрбие ісінде жеткен жетістіктері мол. Ата-ана мен мектеп арасында тығыз қарым-қатынас орнату тәрбиенің барлық саласында жұмыс жүргізу , сыныптан тыс өткізілген мәдени іс шаралар арқылы тәрбие беруде еңбегі ерең.  

            Мектеп басшылығы Бакирова Салима Машираповна егеменді еліміздің ертеңгі болашағы – жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегі мен ізденгіштігін бағалай отырып 2020 жылы 1 қыркүйек №252 бұйрық негізінде ҚР Еңбек кодексінің 38 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес мектеп директорының бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 

            Бакирова Салима Машираповна – қолға алған әрбір ісін тыңғылықты орындайтын шебер ұйымдастырушы ретінде келген күннен бастап, Республикалық, қалалық олимпиада, ғылыми жоба түрлі халықаралық байқаулардың жеңімпаздарын шығаруға өз үлесін қосты. Атап айтқанда: президенттік олимпиададан 11 А сынып оқушысы Өтеш Дидар үш кезеңнен сүрінбей өтіп VІІІ Республикалық олимпиаданың ІІ орын жүлдегері атанып күміс медаль иеленді.


            Бакирова Салима Машираповна тәрбиелеген шәкірттер Республикаға танымал тұлғалар. Салима Машираповна жетекшілігімен білім саласында әр түрлі өзекті мәселелер бойынша жоғары деңгейде семинарлар өткізілді.

            Өмірге бүгінгі күн өлшемімен емес , ертеңгі күн көзімен қарайтын Салима Машираповна тынымсыз әрі ұдайы ізденіс үстінде жүретін , қарамағындағыларға заманауи талап қоя білетін маман.

            Бакирова Салима Машираповна 2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің  ͈Құрмет грамотасы" , Ұлағатты ұстаз Төсбелгісі, Municipal public Әл-Фараби ауданы әкімінің  АЛҒЫС ХАТ, Nur Otan партиясы АЛҒЫС ХАТ, І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының жеңімпазы. І дәрежелі ДИПЛОМ

Тіркеу № 20-30242, Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер байқауының өңірлік кезеніңде заманауи білім беру әдістемелерін қолдану бойынша озық тәжірибелерін таратқаны үшін. І  дәрежелі ДИПЛОМТіркеу № 812, «Ең білімді педагог» ІІІ қалалық пән олимпиадасына белсене қатысып, жақсы нәтиже көрсеткені үшін АЛҒЫС ХАТ.Тіркеу № 393, «Дария Дамыту Орталығының» ұйымдастырған «Best оқырман» кітап бәйгесінің оқушылар арасында өткен «Балалық шаққа саяхат» кітабына шәкірттерді қатыстырып дайындаған үшін   АЛҒЫС ХАТ, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі «Алтын адам - Тәуелсіз Қазақстанның символы»  атты мектеп оқушылары арасындағы Республикалық ең үздік эссе байқауына белсене қатысқаны үшін  АЛҒЫС ХАТ, Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың 125 жылдығына арналған «Қазақ елінің ұмытылмас ұлы тұлғалары» атты Халықаралық ғылыми конференциясына қатысқаны үшін СЕРТИФИКАТ марапатталды. 

Салима Машираповна – адам жанын жан дүниесімен түсіне отырып қамқорлық жасай білетін қамқоршы. Қай салада қызмет атқармасын өз ісінің шеберлігінің арқасында беделді, ақылды ірі тұлға екендігін көрсете білді. 

Бакирова Салима Машираповна – барлық білім ошақтарында тәрбиеленіп жатқан жеке тұлғаны қалыптастыра алатын , әлемдік білім беру деңгейіне жауап бере алатын, бүкіл ұстаздар қауымына көш басшы бола алатын білікті де білімді маман.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив