20
ноябрь
2019
"Салауатты өмір сүрейік" тақырыбында конференциялық кеш
XXl ғасыр-салауатты қоғам ғасыры. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік- экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық. Қазақстан Республикасындағы бүкіл халыққа, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсер тигізуде.Болашақ ғасыр иелері- дені сау, терең білімді, жат қылықтардан аулақ болуы біз үшін үлкен бақыт. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Төлеген Тәжібаев атындағы 47 мектеп- гимназияда жасөспірімдердің салауатты өмір сүруін қалыптастыру нәтижесінде үлкен конференциялық кеш өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты- балалармен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын дағдыларын қалыптастыру. Салауатты өмір салты орталығының қызметкері Тәжекова Күләнда Азатқызының қатысуымен "Салауатты өмір сүрейік" тақырыбында конференциялық кеш өтті. Аталған іс- шараға Туртбаева К. К. жетекшілігімен 9 сынып оқушылары қатысты. Қазіргі таңда биология ғылымының алатын орны ерекше. Жасөпірімдердің салаутты көзқарастарын қалыптастырып ғылыми танымдық қабілетін дамытып, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеуде мамандыққа баулуда биология пәні жетекші орын алады. Келер ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, біздің халқымыз салауатты қоғамда өмір сүруі тиіс.