" МЕЙІРІМДІЛІК -ЖҮРЕКТЕН" атты акция ұйымдастырылды » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Т.Тажібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 21-43-65
Есепші бөлімі:
+7(72) 21-43-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " МЕЙІРІМДІЛІК -ЖҮРЕКТЕН" атты акция ұйымдастырылды
05
февраль
2021

" МЕЙІРІМДІЛІК -ЖҮРЕКТЕН" атты акция ұйымдастырылды


    Мейірімділік жүректен.
    Қазір қоғамымызда дінге, тілге ,мəдениет пен өркениетке қатысты көптеген түсініспеушілік түйткілдері көп. Сондықтан болар, жастарымыздың жат ағымдардың жетегінде кетуі, өздерін -өздері өлімге қиюуы, салт- дəстүрімізге сызат түсуі, еліктеушіліктің  басымдылығына жол беруі,қол созым жердегі жақындарына немқұрайлы қарауы, менталды түрде тұла бойына тəн құндылықтардан айырылуы сыйақты келеңсіздіктер кездесіп жатады. Бұл бізге мейірімділіктің жетіспейтіндігінен жəне  иманның аздығынан .
      Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Төлеген Тəжібаев атындағы 47 мектеп-гимназияда "ҚЫЛМЫССЫЗ БАҚЫТТЫ БОЛАШАҚ" тақырыбында өткізіліп жатқан айлықтың аясында 01-06 ақпан аралығында" МЕЙІРІМДІЛІК -ЖҮРЕКТЕН" атты акция ұйымдастырылды.
      Акцияның аясында      8-11жоғары
сыныптарда
" Мейірімділік-асыл қасиет" тақырыбында коучингтерді ( 9 бен 11 сыныптар); тəрбие сағаттарды (8 бен 10 сыныптар) өткізілді.
      Іс-шараның мақсаты:
Балалардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, оқушылар бір-бірімен жəне қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа , шыншылдыққа , мейірімділікке тəрбиелеу.
       Өткізген КОУЧИНГ барысында 
1) "Мейірімді адамның сипаттамасы"
2) "Сыпайлық. Даналық. Ақылдық. Ішкі жəне сыртқы мəдениеті"
3) "Өмір, сен неткен ғажапсын!..."
4) "Жүректен-жүрекке" (жақсы сөздер мен жылы лебіздерінің маңыздылығы) тақырыптар бойынша оқушылар презентация қорғады.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=899609387538920&id=100024696002814​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив