17
март
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Шымкент қаласы, білім беру басқармасына қарасты Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 05 қарашадағы №5-18-4/3950 хатына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың кітап оқу мәртебесін, оқу белсенділігін және оқу мәдениетін, құштарлығын арттыру мақсатында қазақ тілі, әдебиет пәні мұғалімі Б.Бейсетаеваның 8-9 сынып оқушылары өздерінің оқыған әдеби кітаптары туралы өз ойларын ортаға салды. Соның ішінде 10 сынып оқушысы Байдабек Руһниддин жазушы Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романынан үзінді айтты. Кітапханашылар кітапханаға жаңа келген кітаптармен таныстырды және QR коды арқылы әдеби кітаптарды оқу әдісін айтып өтті.