16
апрель
2022
4 сыныптар арасында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингінің алдында тренинг өткізілді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты "Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп - гимназиясы"
4 сыныптар арасында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингінің алдында тренинг өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Жағымсыз эмоцияларды жеңудің тиімді әдістерімен таныстыру.
Өздерінің қажыр-қайратын қалыпты ұстауын, дер кезінде тамақтану, дұрыс тамақтану, дұрыс демалу, спортпен шұғылдану, күнделікті уақытын тиімді, мақсатты пайдалануға дағдылану, оқу біліктерін қалыптастыру, өзін-өзі бағалауды арттыру. Эмоциялық жағдайды түсіну қабілетін дамыту, білу дағдыларын жаттықтыру арқылы
бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар ББЖМ -н тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндігін іске асыру. Қолдауды қажет ететін оқушыларға кеңестер беріліп, үздіктер және ББЖМ-не дайындық кезінде белгілі бір қиындықта, оқушыларға жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру.
ББЖМ-і кезінде психологиялық тұрғыдан өздерін дұрыс ұстау. Ойлау жұмысын дамытуға әрекет ету. Өз эмоцияларын басқара алу үшін ойын, жаттығулар өткізілді.