22
апрель
2022
МЕКТЕПТЕ БАЛАЛАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ ӘН БАЙҚАУЫ
МЕКТЕПТЕ БАЛАЛАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан халқына жолдауында «2022 жыл-Балалар жылы» деп жариялады. Өз сөзінде Президент өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттілігін айта келе өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық -бұл біздің жалпы ұлттық міндетіміз деп қортындылады.
Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназияның өзін-өзі басқару "Мектеп Парламентінің" "Мәдениет және өнер" фракциясының ұйымдастыруымен бастауыш буын оқушылар арасында *"БАЛА ДАУЫСЫ-2022"* балалар ән байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты: музыкалық және шығармашылық дарыны бар балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және болашақта олардың қабілеттерін дамытуға көмектесу.
Ән байқауына 12 оқушы қатысты. Ең үздік жеңімпаз әншілер арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.