23
апрель
2022
ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫ-ҰЛТТЫҢ АНАСЫ
ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫ-ҰЛТТЫҢ АНАСЫ
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала келін болғанда да сол әдетін сақтайды.
Қазақ халқы қыз – болашақ ана, шаңырақтың берекесі деп, оның тәрбиесіне баса мән берген. Алайда көпшіліктің қазіргі қыздар тәрбиесіне көңілдері тола ма?
Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназияның өзін-өзі басқару ұйымы "Мектеп Парламентінің" ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушы қыздарға арнап "ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫ-ҰЛТТЫҢ АНАСЫ" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты: Қыздарды әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, ұқыптылыққа,тазалыққа, мейірімділікке, төзімділікке , ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу.
Аталған іс-шараға "Аналар кеңесінің " мүшелері мен әжелер қатысты.
"Қазақтың қызы-Ұлттың Анасы"* тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелде арнайы "Қыз тәрбиесіне байланысты" бейнероликтер көрсетті. 10 сыныптарды оқушылары төменгі тақырыптар бойынша баяндама жасап презентация көрсетті:
1) Баяндама: *"Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі"* тақырыбында . Баяндамашы: 10а сынып оқушысы Айтжанова Ұлдана
2) Баяндама *"Қызды 40 үйден тию"* 10ә сынып оқушысы Еркін Эльвира
3) Баяндама: *"Ерте жүктілік және оның зардаптары"* .Баяндамашы 10б сынып оқушысы Әбдікалид Сания
4) Баяндама: *" Тастанды балалар"*. Баяндамашы 10в сынып оқушысы Айтмырза Гүлжазира
5) Баяндама: *" Салауатты өмір салтын ұстанудың қағидалары"*. Баяндамашы 10г сынып оқушысы Еркебаева Амина
Дөңгелек үстелдің соңында келген аналар қыздардың тәрбиесіне байланысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.