23
май
2022
Қамқоршылық кеңес
Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияда қамқоршылық кеңес мүшелерімен 2022ж. 21 мамыр күні жиналыс болып өтті. Жиналыс мектеп директоры Оспанова Жәмиля Смаиловнаның мектепте атқарылған жұмыстарға есебін тыңдаумен басталды. Өз кезегінде қатысушылар атқарылған жұмыстарға оң пікірі мен бағаларын жеткізіп отырды. Келесі сөзде ДОЖЖО Қаратаева Қ.Ж. 9,11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мемлекеттік емтиханы туралы алдағы жоспармен таныстырды. Қамқоршылық кеңес мүшелері тарапынан бақылаумен іске асатындықтан емтиханға қатысушылар жауапкершілікпен қарайтынын мәлімдеді. Бітіруші түлектердің емтиханды сәтті тапсыруына тілектестік білдірді. Жазғы мектепте оқытуды ұйымдастыру мәселесінде білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру мақсатында 26 мамыр -17маусым аралығында 1-4 және 5-8 сыныптар, 10-сыныптар қамтылып отырғаны айтылды. Жазғы мектептің ұйымдастырылуына кеңес мүшелері дән риза екенін жеткізді. Жиналыста сондай-ақ 2022-2023 оқу жылында оқушылардың мектеп формасының талабы қаралды. Қатысушылардың ұсыныс-пікірлері назарға алынды.