СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ! » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Т.Тажібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 21-43-65
Есепші бөлімі:
+7(72) 21-43-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!
25
май
2022

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!
       Бүгін  бітіруші түлектер үшін қайталанбас , маңызды да мәнді , тебіреніске толы күн. Өмір күнделігіне өшпестей етіп жазылатын күн.Тарыдай болып кірген алтын ұядан бүгін таудай болып шығып барады.
           11 жыл бойы білім алып, тәрбие тұнығынан сусындаған балапан қанат қарлығаштар бұл күнде қанаттары қатайып, бала шақтан болашаққа самғағалы отыр.
       Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназия әкімшілігі ҚР Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулығы мен Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының арнайы жіберілген хатының негізінде 25 мамыр күні 2021-2022 оқу жылының аяқталуына байланысты және  "Соңғы қоңырау" мерекелік іс-шараны ұйымдастыру мақсатында "Сыңғырла, соңғы  қоңырау" атты салтанатты жиынды ұйымдастырып өткізді. "Салтанатты жиын біткен соң арнайы бекітілген жоспарға сәйкес төменгі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді:
1) "Түлек 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты ашық тәрбие сағаты
2) "Ұстазға тілек" ...Ұстазым, менің ұстазым...." 
3) Мерекелік концерт "Сәт сапар, Жас түлек 2022"
4) "Мектептегі қызықты сәттерім" бітіруші түлектердің бейнероликтерін тамашалау.
5) "Психологиялық тренинг"
6) Би кеші: " Мектебім менің сүйікті, қоштасар бүгін кез келді"
     Биылғы 2021-2022 оқу жылындағы  145 бітіруші түлектердің арасында 4 оқушы "Алтын белгіге" үміткер болса," 5 оқушы "Үздік аттестатқа" үміткер.
      Арман қуған түлектердің қанат қағып, ұшқалы отырған ЖАҢА ӨМІРІНІҢ сәттілікпен басталуына тілектеспіз.
       Оқушыларымызды алдағы ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ  мен ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тест) сынақтарынан  сәттілікпен аяқтауына тілектеспіз!!!



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив