22
июнь
2022
«HR-PROCESS» -САПАЛЫ КАДР ТАҢДАУДЫҢ АШЫҚ ЖҮЙЕСІ
«HR-PROCESS» -САПАЛЫ КАДР ТАҢДАУДЫҢ АШЫҚ ЖҮЙЕСІ
Ерте мe кеш пе барлық адам жұмысқа орналасу проблемасына тап келетіні рас. Біреулер үшін жұмыс іздеу – қалыпты және үйреншікті жағдай болса, біреулерге бұл тосын әрі бұрын бастан кешірмеген жайт болуы мүмкін.
Жұмысқа тұру бүгінде өзекті мәселелердің бірі екені жасырын емес. Әсіресе, мектепке мұғалім болып орналасу сатылары қарапайым тұрғындар үшін қиындық туғызады.
Осыдан екі жыл бұрын тамыз айынан бастап Республика бойынша алғаш рет Шымкент қаласында педагогтар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін жұмысқа қабылдау бойынша «HR-PROCESS» цифрлық жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе педогогикалық мекемелердегі бос жұмыс орнына орналасуға өтініш беру және оны өңдеу барысын автоматтандыруға, үміткерлер мен бос орындардың деректер қорын құруға, сонымен қатар, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде педагогикалық құрамды іріктеу процесінің тиімділігін арттыруға арналған цифрлық жүйе.
Тойжанова Жанардың «HR-PROCESS» жүйесі арқылы жұмысқа кіріп, №47 мектеп-гимназиясында педагог қызметін атқарып келе жатқанына биыл екінші жыл.
Ол өз сөзінде аталмыш жүйенің шарапаты мол екенін, талай жасқа зор мүмкіндік тудырып отырғанын айтты.Мектеп ұжымына да алғысы шексіз екенін, қолдауларын әрқашан білідіріп отыратынын жеткізді.
Жұмыс барысында түрлі байқаулардан жетістіктер иеленіп үлгерді.
«HR-PROCESS» цифрлық жүйесі арқылы мектебімізде 10 нан астам маман жұмысқа қабылданып, жемісті қызмет атқаруда.