22
октябрь
2022
МӘҢГІЛІК ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН
МӘҢГІЛІК ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН
Шымкент қаласы Төлеген Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназияда
25 қазан -Республика күніне және ҚР рәмізднрінің 30 жылдығына орай
9а,9ә,9б,9в,9г,9д,9е,9ж сыныптарға *"МӘҢГІЛІК ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН* тақырыбында мектепішілік конференция өткізілді.
Конференцияда төменгі тақырыптар бойынша оқушылар баяндама презентация-слайд арқылы баяндама қорғады:
*9а сынып*- " 25 қазан -Республика күні ұлттық мереке мәртебесі" ( мерекелік датаның тарихи маңыздылығы). Биыл 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойланады.
*9ә сынып*- "Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз","Ту,
Елтаңба, Әнұран-тірегіміз, туған ел деп соғады жүрегіміз"
*9б сынып*-" 4 маусым-ҚР-ның мемлекеттік рәміздер күні" ( ҚР[media=]-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні " ҚР-ның Мемлекеттік туы туралы"," ҚР-ның Мемлекеттік елтаңбасы туралы" ," ҚР-ның Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциялық туралы" тарихи заңдарға қол қойды. 2007 жылы 4 маусымда "ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық Заң қабылданды.)
*9в сынып*- "ЕРКІНДІГІМ-ЕЛТАҢБАМ"
( ҚР-ның Мемлекеттік елтаңбасы - авторлары, сиппатамасы, тарихқа шолу )
*9г сынып*- "ҚР- ның Туы","Мемлекеттік Ту-егемендігіміздің бен біртұтастығымыздың символы" "Көк Тудың желбірегені...." "Мемлекеттік туды қастерлейді білеміз бе?"
Іс-шараның соңында құнды баяндама жасағаны үшін оқушылар мектеп әкімшілігінің арнайы мақтау қағазымен марапатталды.