04
декабрь
2021
8-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ.
8-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ.
Шымкент қаласы Дарын орталығының ұйымдастыруымен дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, оқушылардың білімін тереңдету мақсатында өткен 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық лингвистикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №47 мектеп-гимназияның оқушылары қатысып, қалалық кезеңде де топ жарды. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін және лингвистикалық тәжірибеде жалпы білімді шығармашылық қолдануды дамыту сайысында 9 сынып оқушысы Кучкаров Б І дәрежелі диплом, 10 сынып оқушысы Шынбай Д ІІ дәрежелі диплом, 11 сынып оқушысы Сарыбай С ІІІ дәрежелі диплом иеленді.
Білімге ұмтылған жас талаптардың өрісі биік, жолдары ашық болсын дейміз.
Жеңістеріңіз құтты болсын.[media=]