11
ноябрь
2021
" ЕҢ ҮЗДІК РЕПОРТАЖ"* *БАЙҚАУЫ
*РЕСПУБЛИКАЛЫҚ " ЕҢ ҮЗДІК РЕПОРТАЖ"* *БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУДАМЫЗ*
Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің "Республикалық қосымша білім беру оқу-əдістемелік орталығының ұйымдастыруымен
ҚР-сы Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мектеп Парламенті мүшелерінің арасында "Ең үздік репортаж" республикалық байқау өтізілуде.
*Байқауының басты мақсаты*: білім беру ұйымдарының қызметінде өзін-өзі басқару органдарының рөлін арттыру, дарынды жастарды қолдау.
*Байқауының міндеттері:*
1) Қоғамдағы оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының оң имиджін қалыптастыру;
2) Білім алушылардың көшбасшылық тəжірибені меңгеруге, əлеуметтік өзара іс-қимыл дағдыларын дамытуға бағытталған арнайы ұйымдастырылған қызметке тарту;
3) Мектеп Парламентінің қызметін насихаттау;
4) Оқушылардың өзін-өзі басқару белсенділерінің табысты жұмыс тəжірибесін тарату;
5) Педагогтер мен білім алушыларды білім беру ұйымының алуан түрлі қызметіне қосу арқылы мектептегі өзін-өзі басқаруды дамыту үшін жағдайлар жасау.
Атаулы байқауға мектебіміздің
" Парламент " мүшелері белсенділік танытып креативті көзқараспен бейнеролик шығарды. Ережеге сəйкес 5-минуттік роликтің ішінде "Мектеп Парламентінің" 8 фракцияның жұмысын қамтуға тырысты.
Оқушыларымызға сəттілік тілей отырып, алдағы уақытта оқушылардан тың идеялар, креативті замануи бастамаларды күтеміз.