14
март
2022
Ағылшын тілі апталығының жабылу салтанаты өтті
Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясында 12.03.2022ж ағылшын тілі апталығының жабылу салтанаты өтті.
Ағылшын онкүндігінің жабылу салтанатында мектебіміздің ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі Атабекова Ақтолқын Сапарғалиқызы сөз алды; ағылшын тілі пәні мұғалімдері мен оқушыларға ізденімпаздықтары,жаңашылдықтары мен жан-жақты өнерпаздықтары үшін алғысын білдірді.
Ағылшын тілі апталығында апта бойына түрлі креативті жарыстар, қызықты да құнды тақырыптағы сабақтар, оқушылардың апта бойы толық ағылшын тілі әлеміне саяхат жасалғандығы аталып өтілді.
Ағылшын апталығына орта, жоғары буын оқушыларымен қоса, бастауыш сынып бүлдіршіндері де белсене ат салысты. 3 А сынып оқушылары Бағдәулет Гүлназ, Махамбет Тимур,Керімжан Асылжан *May there always be the sunshine*,яғни *Әрқашан күн сөнбесін* әнін орындап, концертке келген ұстаздар мен оқушыларға мерекелік көңіл кдомсыйлады.
*One who speaks only one language is one person,but one who speaks two languages is two people*( Turkish Proverb)
*Бір тіл білген бір адам,екі тіл білген көп адам* деп түрік мақалы айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміз ағылшын тілінде қызықты тақпақтар айтып берді.
Қызықты іс-шараны 7 А сынып оқушылары Шарипова Сымбат пен Есенгелді Дана *Snowman* әнімен жандандыра түсті.
Керемет кештің көркін 7 А сынып қыздары замануи биімен аша түсті.
*Dandelions* әнінің сүйемелдеуімен 7В сынып оқушылары биімен тәнтті етті.
6 және 7 сынып оқушылары ағылшын тілінде қызықты тақпақтар мен өлеңдер оқып берді.
Ең үздік орындаушылар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.
[video=]