12
апрель
2022
*ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР : ЖАС ҒАЛЫМ САНИЯ*
*ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР : ЖАС ҒАЛЫМ САНИЯ*
Бүгінде қоғамның дамуында білімнің алатын орны ерекше. Өйткені, елдің халықаралық сахнадағы бəсекелік қабілеті осы ұлттың білімділігі мен кəсібилігінің деңгейімен тығыз байланысты. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік пен қабілеттерін ашу мəселесі туындайды. Онсыз инновациялық үдеріс сатынан өтпей дамуы мүмкін емес екеніне көзіміз жетіп отыр. Себебі, мектеп келешек ел басқарар, жер-суына иелік етер, ел-халқын гүлдендірер , мерейін өсірер жасампаз жандарды шыңдайтын бірегей орта, киелі орын екенін білеміз.
Еліміздің ертеңгі болашағы-бүгінгі мектеп қабырғасында алған білім нəрімен сусындаған оқушы. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу-материалдаоын терең ұғына білуге баулу,ой-өрісін дамытатындай логикалық ой тастау-мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Олай болса , қазіргі ұстаз қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашыл іс-əрекетке қабілетті, озық ойлы, тапқыр да нəзік, сезімтал, еркін жəне жан-жақты жетілеген тұлға тəрбиелеу.
Т.Тəжібаев атындағы 47 мектеп-гимназияның 10 б сынып оқушысы Əбдіқалид Сания -оқу озаты, "Алтын белгіге" үміткер,
мектебіміздің жас ғалымы, мектептегі "100 жаңа есім" жобаның "Ең жас ғалым" номинацияның иегері, жалпы білім беретін пəндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар сайысының жеңімпазы-3 орын, Ғылыми тақырып:
" Минералды сулардың адам ағзасына əсері". Осы тақырып бойынша ізденіс жұмыс жүргізді. Алматы қаласында орналасқан Республикалық ветеринарлық зертханада мамандардың көмегімен лабораториялық жұмыстар жүргізді.
Сания "Əл-Фараби əлемі" Республикалық ғылыми
конференцияның 2 орын, 25 халықаралық ғылыми
конференцияның 1 орын иегері.
Санияның ғылыми жетекшісі биология пəнінің мұғалімі Туртбаева Кульжархын Қадырқұлқызы.
[video=]