27
апрель
2022
«Отбасылық тәрбие»
Шымкент қаласы, білім басқармасына қарасты Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназиясында 27.04.2022
«Отбасылық тәрбие» бағытында
“ Өнегелі бір сағат” “Әкелер мектебі” жобалары аясында “Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі” тақырыбынба 5-7 сынып әкелер кеңесінің мүшелерімен семинар-тренинг өтті. Әкелер кеңесінің төрағасы : Нурбеков Қасым Темірбекович осы тақырыптың негізінде құнды баяндама оқып, әкелердің бала тәрбиесіндегі маңыздылығы жайлы айтып өтті. Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.А Калиева және мектеп психологы Б.Н Медетбекова қазіргі таңда жасөспірімдердің арасында кеңінен тараған өзекті мәселелердің шешімдерін табу мақсатында әкелермен жағдайаттық мәселелерді ұсынды.Мәселелер қызу талқыланып, әкелер, аталар ойларын, пікірлерін ортаға салып оңтайлы шешімдерін ұсынды.
[video=]