11
май
2022
*БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ*- *БАҚЫТТЫ ЕЛ*
*БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ*-
*БАҚЫТТЫ ЕЛ*
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі .
Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназия әкімшілігі 15 мамыр-Халықаралық отбасы күніне орай және "Үштік Одақ" жобасының аясында "БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ-БАҚЫТТЫ ЕЛ" тақырыбында мектепішілік ата-аналар форумын ұйымдастырып өткізді.
*Форумның мақсаты:*
1) Ата-ана, мектеп-оқушы , Үштік Одақ арасында қарым-қатынасты қалыптастырып нығайту.
2) Мектеп өміріне, қоғамдық жұмыстарға ата-аналардың белсенділігін арттыру;
3) Отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды сақтау, насихаттау және дамыту;
4) Балаларды тәрбиелеудегі отбасындағы ата-аналардың ролін күшейту;
5) Мектепте өткізілетін іс-шараларын ұйымдастырудағы ата-ананың белсенділігін , рөлін арттыру
6) Ата-аналарды бала тәрбиесінде кездесетін өзекті мәселелерге көңіл аудару ( тұрмыстық зорлық-зомбылық, жасөспірімдер арасында аутодеструктивтік іс- әрекеттің алдын алу және болдырмау т.б.)
*Форумға қатысқандар*
1)Попечительский советінің төрайымы Жұматайқызы Зина
2) Ата-аналар кеңесінің төрайымы Атенова Дина
3) Аналар кеңесінің төрайымы Усенова Жансауле Жолдасовна
4) Әкелер кеңесінің төрағасы Нурбеков Қасым Темірбекович және әр сыныптағы ата-аналар комитет мүшелері.
Форумның барысында "Бала тәрбиесіне" байланысты бейнероликтер көрсетілді және төменгі тақырыптар бойынша баяндама жасалынды.
1) Баяндама: "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі"
2) Баяндама: "Отбасы құндылығы -сарқылмас тәрбие көзі ".
3) Баяндама. "Бала тәрбиесіндегі Ананың рөлі".
4)Баяндама. "Бала тәрбиесіндегі Әкенің рөлі".
5) Баяндама. "Баланың құқығын қорғау-қоғамның басты міндеті"
6) Баяндама. "Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті ( суицидтік) әрекеттің алдын алу және болдырмау"
7) Баяндама
" Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ"
Форумның соңында мектеп әкімшілігі алдағы уақытта ата-аналарды мектеп өміріне, қоғамдық жұмыстарға белсенділік танытуға шақырды. Өз кезегінде ата-аналар мектеп әкімшілігіне және педагогикалық ұжымға алғыстарын білдірді.
[video=]