14
декабрь
2020
ХІІІ республикалық Президенттік олимпиаданың жеңімпазы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ХІІІ Президенттік олимпиадасының қорытынды кезеңі аяқталды.
Президенттік олимпиаданның негізгі мақсаты мен міндеттері:
1) математика, физика, химия, биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау, олардың зияткерлік қасиеті мен кәсіби бағыттарын дамыту;
2) отандық және шетелдік жетекші жоғарғы оқу орындарында білімдерін жалғастыру үшін дарынды оқушыларды дайындау арқылы үздіксіз білім беру идеясын жүзеге асыру;
3) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге оқушылардың қызығушылығын ынталандыру және теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін тереңдету.
Жыл сайын , Президенттік олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
-1) бірінші кезең – облыстық, қарашаның 1-не дейін өткізіледі;
-2) екінші кезең(іріктеу) – 15 қарашаға дейін өткізіледі, 2 айналымнан тұрады:
1) қашықтық
2) шығармашылық, эссе жазу - қашықтық айналыммен бір күнде өтеді;
3) үшінші (қорытынды) кезең – республикалық, желтоқсанның бірінші онкүндігінде өткізіледі.
Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдердің тапсырмаларын бір уақытта 4 пәннен; математикадан, физикадан, химиядан және биологиядан орындаған болатын. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Олимпиада онлайн режимінде өтті.
Республикалық кезең 2 турдан тұрды:
1. Бірінші тур (тестілеу)
2. Екінші тур (шығармашылық, эссе жазу)
Қорытынды кезеңге Шымкент қаласынан 16 оқушы өткен болатын.
Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша мына төмендегі оқушымыз жеңімпаз болып танылды.
ӨТЕШ ДИДАР - Т.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ №47 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ. ХІІІ республикалық Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.