Тарихи- өлкетану мұражайы Ұлы Жібек жолындағы Отырар, Сайрам,
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияның 5 сынып оқушылары "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру мақсатында тарихи- өлкетану мұражайына барды. Оқушыларымыз Ұлы Жібек жолындағы Отырар, Сайрам, Түркістан сынды ежелгі қалалар мәдениетін бүгінгі жылдарға ұласқан халықтың салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары, өнері мен тұрмыстық бұйымдары туралы көптеген мағлұматтар алды.