23
January
2020
«Ұрпақ тәрбиесі-ұлт тағдыры»
Municipal public білім басқармасына қарасты Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласына орай аға буынның өнегелік істерін насихаттау, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік тілімізбен ұлттық әдебиетімізге деген құрмет көрсету бағытында ҚР Білім беру ісінің үздігі, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі, педагог-жазушы Иманәлі Бегәлі Әбдуәліұлымен «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт тағдыры»атты кездесу кеші өтті. Кеш барысында оқушылар жазушы Иманәлі Бегәлі Әбдуәліұлының өмірбаяны мен шығармашылығы жайында танысып, жазушы кітабынан «Әке өсиеті» атты сахналық көріністер көрсетіп, жазушыға деген сұрақтарын қойып, мемлекеттік тіліміз бен ұлттық әдебиетіміз жайлы ой пікірлерін ортаға салды. Шара соңында мектеп ұжымы ардагер жазушы Иманәлі Бегәлі Әбдуәліұлына ризашылығын білдіріп,алғысын айтты.