Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия тарихы » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
Municipal public
public institution
"school-gymnasium №47 named after Tazhibaev"
Education Department of Shymkent
Reception room :
+7(72) 21-43-65
bookkeeping:
+7(72) 21-43-65
Version for
visually impaired
» » Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия тарихы
23
January
2020

Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия тарихы

Т.Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназия тарихы
1988-1989 оқу жылында қазіргі А.Байтұрсынов /бұрынғы Рубенштейн/ the outsideнде  
47 қазақ-орыс жалпы білім беретін орта мектеп ашылды. 
1988-1992 жылдары мектеп директоры Николай Крюков болатын. 
1991 жылы ұлы академик, ғұлама ғалым Төлеген Тәжібаевтың есімі берілді.
1992 -2007 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін   Қозбақова Орынша Қозбаққызы атқарды. 
1997 жылы 23 ақпанда  Төлеген  Тәжібаевтың   туылған күніне орай мұражай ашылды.
1998 жылы эксперименттік алаң болды.
1997 жылы орыс-қазақ мектебінен таза қазақ мектебіне айналды. 
1999 жылы сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы әділет басқармасының   шешімімен жалпы орта білім беретін мектепке «мектеп-гимназия» статусы берілді. 
1999 жылы мектебіміз қаланың үздік «Таңдаулы мектебі» номинациясы бойынша І орынға ие болды. 
1999 жылы 21 сәуір күні 47 мектепке педагог-психолог, академик Т.Тәжібаевтың мемориалдық музейі ашылды. 
1999 жылдан баста мектепте қазақ тілі, ағылшын тілі, тарих, пәндері тереңдетіліп оқытыла бастады.
2001 жылы оқушымыз Айтбаева Гаухар «Алтын белгі» төс белгісін Астана қаласында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолынан алды. 
2006 жылы мектебіміздің әнші-жұлдызы Айтымбай Марат Мәскеуде өткен халықаралық «Романсиада үміті» байқауының «Бас жүлде», ал Мысырда өткен «Бегущая по волнам» байқауында ІІ орын иегері атанды.
Сонымен қатар шығармашылықпен айналысатын мұғалімдеріміздің еңбектері баспадан жарық көрді. Атап айтқанда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Байтұяқова Қалдыгүл, тарих пәні мұғалімі Орынбеков Арман, география пәнінің мұғалімі Қалымбетова Салтанат. 
2007 жылы 24 мамырда Төлеген Тәжібаевтың ескерткіші ашылды.
2007 жылы мектеп-гимназия Оңтүстік Қазақстан облыстық білім беру департаментінің қатысуымен «Әлемдегі терең сыр біліммен ғана ашылмақ» атты әдістемелік жинақ шығарылды. 
2007 жылдың қыркүйек айынан бастап 47 мектеп-гимназиясының бүгінгі күнге дейінгі директоры, білім беру ісінің үздігі Оспанова Жамиля Смаилқызы.
2008 жылы 10 сынып оқушысы Өтебаев Айдос FLEX  бағдарламасы бойынша Америка Құрама Штатына 1 жылға тегін оқу жолдамасын жеңіп алып, оқып келді. 
2008 жылы  қазан айында мектеп жанындағы Ватутин the outsideне Т.Тәжібаевтың есімі беріліп, көшенің салтанатты ашылу рәсімі болды.
2008 жылы мектебіміз «Өрлеу» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру орталығының тірек мектебіне айналды.
2008 жылы 11 сынып оқушысы Жанадилова Мадина ең жоғарғы 125 балл иегері атанды.
2009 жылы 23 ақпанда  Төлеген   Тәжібаевтың  100 жылдық  мерей   тойы  тойланды.
2009-2010 жылы қалада І орынды иеленіп, «Best мектеп» грамотасымен марапатталды. 
2010 жылы мектеп-гимназия Қазақстан Республикасы бойынша «Ең үздік 100 мектеп» қатарына қосылып,  білім биігінен   көрінді. 
ҚР Білім және ғылым министірі Ж.Қ.Түймебаев ОҚО Municipal public №47 мектеп-ұжымына 2010 жылғы ұлттық біріңғай тестілеу нәтижесінде «Мектеп бітірушілерінің орташа  балы жоғары болған 100 мектеп» қатарына қосылуымен құттықтауы
2010 жылы  мектебіміз Республикалық  «Дарынды  балалар – Қазақстанның  болашағы»  атты    энциклопедиясына  енді.
2014 жылы  мектеп директорымыз Оспанова Жамиля Смаилқызы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директорлар арасында өткізілген байқауда «үздік менеджер» номинациясының иегері атанды.
2014  жылы мектебіміз Республикалық баспаға «Білім  беру  мекемесі басшыларының   анықтамалығы»  журналында «Педагог  жетістігі – гимназия  жетістігі» туралы  мақала    жарияланды. 
ҚР Білім және ғылым миністірлігінің 400 бұйрығы негізінде 5,6,7 сынып оқушылары үшін қазақ тілімен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бейсетаева Бибіайша Әбдіманапқызы «Өлкетану» оқулығының авторы атанды.
2015 жылы Бектаева Мөлдір халықаралық ғылыми жарыстың жеңімпазы
2016 жылы мектеп-гимназия жаңартылған білім мазмұнына байланысты Педагогикалық Шеберлік Орталығының тірек мектебіне айналды. Бұл мұғалімдердің шеберлігін шыңдауға бірден-бір септігін тигізді. 
2017 жылы Назарбаев зияткерлік мектебінің физика-математика бөлімінің серіктес мектебі қатарына енді. 
Бүгінгі таңда 47 мектеп-гимназияның оқушылары халықаралық, респуликалық, облыстық, қалалық түрлі интеллектуалдық байқаулар мен   сайыстардың жеңімпаздары. 
Мектеп-гимназиямыз білім беру саласындағы өзгерістер мен Елбасы саясатын іске асыруда мемлекеттің стратегиялық бағдарламаларын басшылыққа алады. Қазіргі таңда гимназия түлектері еліміздің әлеуметтік-экономикалық, өнер, спорт, мәдениет  салаларының дамуына өзіндік үлес қосып келе жатыр. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив