22
October
2022
«Жанашыр жүрек» Республикалық халықтық акциясы
Municipal public білім беру басқармасының «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығының» Республика күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы азаматтардың әлеуметтік осал санатына қайырымдылық көмек көрсете отырып «Жанашыр жүрек» Республикалық халықтық акциясына өз үлесін қосты. 25 қазан Республика күніне орай 7а сынып ата-аналары, шынайы ниетімен балаларының өздерін қатыстыра отырып ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың үйіне барып, үйде оқытылатын оқушыға сыйлықтарын ұсынды. Мектептің жастар мұғалімдері еріктілік топ ретінде осы жұмысқа жұмыла кірісті. Азық-түлік себеттерімен, қажетті құралдармен әлеуметтік қолдау көрсетті.
[media=]