14
March
2022
«Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде »
Бүгін 14.03.22.ж Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия базасында «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде » атты физика және информатика апталығының ашылу салтанаты өтті.
Мектеп-гимназия директоры Оспанова Жамиля Смаилқызы салтанатты жиынды ашып бірлестік мүшелеріне сәтілік тіледі.
Апталық барысында ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылады. Білім алушылардың АКТ құзіреттілігін арттыруға бағытталған белсенді оқу әдістері сабақты зерттеу үшін қолданылатын болады.
Мектепке роботтар шақырылып оқушыларға сұрақтар мен жұмбақтар жасырып сыйлықтарын табыстап көңілдерін көтерді.
Жан-жақты білім алу үшін ынта мен ықылас,зейін мен табандылық қажет. Сондықтан бірге болыңыздар!
[video=]